Тараз.77NEWS — Тараз қаласында тағы екі бала суға батты,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Қайғылы жағдай бүгін сағат 15.00 шамасында  қала маңындағы Шөлдала елді мекенінде орын алған. 2005 және 2008 жылы туылған оқушылар мектеп маңындағы су қоймасына шомылуға келіп, суға батқан. Қазіргі уақытта балалардың денелері төтенше жағдайлар қызметінің көмегімен судан шығарылды.