Тараз.77NEWS.KZ — Жамбыл облысының Қоғамдық кеңесі және «Интернет-қабылдау» желісі сайттары іске қосылды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

«J-reception.kz» cайты интернет-қабылдау желісін ұйымдастыру және жүргізу жобасы аясында ашылып отыр. Мақсат халықты алаңдатқан өзекті мәселелерді қабылдап,  тиісті мамандардан жауап алып, сайт бетінде жариялау. Яғни, жергілікті тұрғындар мен билік органдары арасында кері байланыс орнату. Бұл бір жағы Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бағытындағы ілкімді іс болып отыр.

Мұнымен қоса, «Q-kenes.kz» cайты да іске қосылды.  Ақпараттық сайт облыстық, қалалық және аудандық қоғамдық кеңестің жұмыстарының  ашықтығын көрсетуге бағытталған. Мұнда облысымызға қатысты мәліметтер жарияланған. Басқарма басшылары мен мемлекеттік органдардың байланыс номерлеріде осы сайттан орын тауып отыр. Сайтты құрастырған мамандар рейтинг үшін емес, халықтың қамы үшін жұмыс істейтіндерін айтуда.