Тараз.77NEWS.KZ- Тараз қаласы әкімінің 2018 жылғы 20 тамыздағы №290 өкімімен Ермек Серікұлы Қарабаев Тараз қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Ермек Серікұлы Қарабаев 1974 жылы туылған, білімі жоғары. 1995 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит-экономист» мамандығы бойынша бітірген. 
Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік басқару Академиясы Тараз филиалының оқытушы болып бастаған. 1997-2002 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы;
2002-2003 жылдары «Валют-Транзит банк» ААҚ-ның Тараз филиалының кассирі,қазынашысы;
2003-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы, директордың орынбасары,басқарма басшысының орынбасары;
2013-2018 жылдары Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі, аппарат басшысы қызметтерін атқарған.