Тараз.77NEWS.KZ — Павлодар қаласының әкімі болып Брэдфорд университетінің түлегі Әнуар Күмпекеев тағайындалды, деп хабарлайды 77news.kz АА Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

34-жастағы Әнуар Күмпекеев бұрынғы әкім Нұржан Әшімбетовты алмастырды. Павлодар қаласының жаңа әкімі Президент әкімшілігінің келісімімен тағайындалды.Қаланың жаңа басшысын Павлодар активіне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды.

Күмпекеев Әнуар Қайыргелдіұлы 1984 жылы 16 маусымда Павлодар қаласында туған. 2005 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Ұлыбританияның Брэдфорд университетінде экономикалық саясат магистрі дәрежесін алған. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі.

Еңбек жолын 2005 жылғы қыркүйекте ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаментінде жетекші маман ретінде бастаған. 2008 жылғы қыркүйектен бастап коммерциялық құрылымдарда түрлі басшылық қызметтерді атқарған. 2012-2015 жылдар аралығында Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің орынбасары, ал 2015 жылғы мамырдан бастап Степногорск қаласының әкімі болған. Ал Нұржан Әшімбетов Павлодар қаласын 2016 жылғы сәуірден бастап басқарған болатын.