Тараз.77news.kz —  Әлеуметтік желіде жылқы ұрлаймын деген  қос азаматты  ауыл тұрғындары ұстап алып, байлап қойған.- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.Әуесқой түсірілімге назар аударсаңыз, оқиға Айша бибі ауылында орын алған.

Бейнеден байқасақ байланған қос азамат Мойынқұм ауданынан екенін және бөтеннің мүлкін жымқырғалы келгенін мойындайды. Байлаулы барымташылардың бұл видеосы әлеуметтік желіде бүгін кең тарап, халықтың талқысына түсуде. Ал, дерек бойынша ІІД әзірге ақпар бере алмады. Тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқандығы жөнінде айтып отыр.