Тараз.77 NEWS — Жамбыл облысының үздік мектептері анықталды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Облыстық «ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН ҮЗДІК ҰЙЫМ» грантын яғни, 22627200 теңгені Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты» жеңіп алды.

«Ең үздік қала мектебі» аталымы Қаратау қаласындағы мектеп лицейіне бұйырса, «Ең үздік ауыл мектебі» Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі» иемденді, «Ең үздік шағын орта мектебі» атағын «Жарылқасын Отарбаев орта мектебі» жеңіп алды. Барлық жеңімпаздарға облыс әкімі  1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы берді.