Тараз.77 NEWS.KZ — Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен жиында өңірдегі жылыту маусымына қажетті қатты отынмен қамтылу барысы талқыланды,- деп хабаралайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Биыл Жамбылдықтарға қажетті қатты отынның жалпы көлемі 332,9 мың тоннаны құрайды. Бүгінде оның 33,2 пайыз қоймаларға жеткізілген. Ал бюджеттік мекемелердің көмірмен қамту көрсеткіші 72,2 мың болса оның 53,4 тоннасы дайындалған. Қыркүйек айының 1 жұлдызына дейін қажетті көмір көлемі толығымен жеткізілетін болады. 
Өңір басшысы мүдделлі мемлекеттік мекемелер мен аудан әкімдеріне теміржол тұйығынан шалғай аймақтарға көмір жеткізуде бірыңғай оператор ретінде «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясын тартуды ұсынды. Өз кезегінде, көмір саудасымен айналысатын кәсіпкерлер тұрғындарға қысқа қажетті қатты отынды қазірден сатып алуға кеңес береді. Өйткені, күз айларында жүк вагондарының жеткіліксіздігі мен жанар-жағар май құнының шарықтауы қатты отын бағасының көтерілуіне өз әсерін тигізеді. Сондықтан облыс тұрғындарына көмір мәселесін шешуге қазірден қамдану қажет.