Тараз.77NEWS — Шу ауданында   21 жастағы есірткі сатушысы  ұсталды. Бұл жайында 77news.kz  АА тілшісі хабарлайды. 

«Көкнар-2018» маусымдық  іс-шарасы барысында Жамбыл облысының ІІД, «Дельта-Долина»   есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері және аудандық полиция инспекторлары бірге Шу ауданында зерделеу жұмыстарын өткізген болатын.  Тексеріс нәтижесінде  Белбасар ауылының маңында 21 жастағы тұрғын салмағы 10 келі 550 грамм  марихуаннамен   ұсталған.    Сатушы   кінәсін толығымен мойындаған.  Ал қазір алдын  ала тергеу жұмыстары  жүргізілуде.