фото: Ағаділ Рысмахан

Тараз. 77 NEWS.KZ -Жамбыл облысының ұлт зиялылары марапатталды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Жамбыл облысында өткен «Киелі Қазақстан: Тараз- тарих айнасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жазушылар — Несіпбек Дәутайұлы, Елен Әлімжан, тарихшы — Асқар Абдуалы, өлкетанушылар — Тәкен Молдақынұлы, Мақұлбек Рысдәулет Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған төсбелгімен  марапатталды.

Фото: Ақәділ Рысмахан

Несіпбек Дәуітайұлы — жазушы, «Жамбыл» әдеби-көпшілік, танымдық журналының директор – бас редакторы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Елен Әлімжан — Жазушы-драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Алаш арыстары туралы тың дүниелерді жазып жүрген қаламгерлердің қатарынан саналады. Мәселен ағамыздың Бауыржан Момышұлы мен алаш арыстарының арасындағы байланыс туралы жазғандары көпшіліктің есінде деп ойлаймын. Оның үстіне Бауыржан Момышұлы Мағжан Жұмабаев сынды алаш арыстарын насихаттап, жаза білген азамат. Негізі 1937-38 жылдары нәубетте алаш арыстары жаппай ату жазасына кесілгенімен, олардың ізін Бауыржан Момышұлы сияқты қайраткерлеріміз  жалғастырды.

Мақұлбек Қайыпбекұлы Рысдәулет — Жамбыл облысы мемлекеттік мұрағатының ардагері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Өлкеміздің тарихын жазып жүрген қабырғалы қаламгердің бірі һәм бірегейі. Бүгінде алаштың тарихына қатысты жазған еңбектері облыстық, республикалық басылымдарда жарық көріп тұрады.

Асқар Бекәділұлы Абдуалы — М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың бірінші проректоры, т,ғ,д. профессор.  Асқар Бекәділұлы Ата Заңымыздың тарихын шолып, мақала жазып жүрген тарихшы болып саналады. Алтын Орда дәуірінен бастап, Қазақ хандығы және «Алаш» Конституциясын бүгінгі күнімен сабақтастырып жүр.

Тәкен Молдақынов — ардагер журналист, өлкетанушы  ретінде жақсы таныс. Ұзақ жылдар бойы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайын басқарғаны белгілі.