Тараз.77NEWS — Жамбыл облысында жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға беріледі,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі  zhambylnews ақпарат агентігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, биыл өңірде 447 мектеп жұмыс істейді. Мектептерге 215 мыңнан аса оқушы келеді деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 1-ші сыныпқа 26255 оқушы қабылданады.Ағымдағы жылы 4,9 млрд. теңгеге 14 білім нысандарының құрылысы жүргізілуде.

Жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдалануға берілмек. Қалған 5 мектеп 2019 жылы пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, 221 білім нысанын (149 мектеп, 59 балабақша, 13 мектептен тыс мекеме) ағымдағы жөндеуден өткізуге 232,4 млн. теңге бөлінді.