ТАРАЗ. 77NEWS — Балаларды оқуға толық қамту шараларының бірі — мектепте ыстық тамақ ұйымдастыру. Мектеп оқушыларының 98 пайызы ыстық тамақпен қамтылады, — деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

Асханасы бар мектептерде 209 659 оқушыны ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Облыстағы 447 мектептің 400-де (89,5%-да) асханалары бар, қалған 47 мектептің 19-да буфет, 28 мектепте асхана да буфет те жоқ (2 НМ, 26 БМ). 117-сі (26,2%) қажетті технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Сондай-ақ, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 28307оқушы 100% бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін болады.