Тараз.77NEWS — 1 қыркүйектен бастап елімізде ойын-сауықтық «Tamasha tv» телеарнасы эфирге жол тартады. Оның басшысы болып Есен Елеукен тағайындалды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

«Tamasha tv» телеарнасы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты төртінші телеарна болып отыр. «Tamasha tv» арнасы «Әзіл әлемі» «Жайдарман», « Хаха-шоу», «Әзіл man», «Көңілді тапқырлар алаңы», «Қызық екен», комедиялық  телехикаялар  және қызықты жобаларды ұсынбақ. Телеарнаның орташа тәуліктік хабар тарату уақыты 22 сағатты құрайтын болады. 

Сондай-ақ, жаңа телеарнада  телерадиокорпорация мұрағатында жылдар бойы  сақталған, кезінде көрерменнің көңілінен шыққан танымал ойын-сауықтық бағдарламалар  эфирге қайтадан оралатын болады.

Жаңа телеарна OtauTV және iDTV пакеттерінде HD форматында қолжетімді болады. Сондай-ақ, алдағы уақытта басқа да кабельдік операторларда  SD форматта таратылмақ.