7 қараша. Тараз. 77news — Таразда көркем гимнастикадан қалалық ашық чемпионаты өз мәресіне жетті.Спорттық сайыста еліміздің 12 облысынан  келген 25 команда бақ сынасты.  Яғни 550–ден астам жасөспірім жарыс жолына шықты.

 Екі күнге созылған сайыста сымбаты мен спорттық бабы келіскен қыздар өз шеберліктерін танытып, өнерлерін паш етті. Турнирге қатысқан 20-дан аса команда арасынан  Шымкент қаласы бас жүлдені қанжығаласа, Көкшетаулықтар 2-ші орынға тұрақтады. Петропавлдық спортшылар командалық есепте 3-ші орынды місе тұтты. Байрақты бәсекеде бабы келісіп, бағы шапқан жеңімпаздар мен медаль, дипломдармен марапатталды. Айта кетейік, бүгінде бұрымды 6 жамбылдық гимнастшы Ұлттық құраманың сапында өнер көрсетуде.

«Биылғы турнирде 12 облыстан 500-ден аса спортшы өнер көрсетті. Ал байқаудағы ең жас гимнастшы 6 жаста. Демек, гимнастикаға әуес жастардың қатары артып келеді деген сөз», — дейді Тараз қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк.