Фото: Нұрлан Әбдікәрім

Тараз. 77news — Жамбыл облысы әкімдігінің Кубогы үшін БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан өтетін республикалық турнир басталды, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Фото: Нұрлан Әбдікәрім

Облыстық ішкі саясат және дене шынықтыру және спорт басқармаларының ұйытқы болуымен өтіп жатқан дүбірлі додада 12 команда бақ сынауда.

Фото: Нұрлан Әбдікәрім

Шараның негізгі мақсаты: БАҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту.

Турнирге Астана қаласынан «ХАБАР» телеарнасы, Алматы қаласынан «АПОРТ» және «КТК» телеарнасының командалары, Алматы облысынан «ТҰРАН», Қызылорда облысынан«АҚМЕШІТ» командалары қатысуда. Сондай-ақ, жасыл алаңда Түркістан облысының құрамасы мен Шымкент қаласының құрамасы және «ЕРНИЯЗ-МЕДИА» командасы бақ сынайды. Ал облыс намысын «JAMBYL» телеарнасы және «TARAZ-PRESS» командалары қорғауда.