ТАРАЗ.77NEWS- КСРО халық әртісі, РФ Мемлекеттік думасының депутаты Иосиф Кобзон қайтыс болды, — деп хабарлайды 77news.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

«КСРО халық әртісі Иосиф Кобзон көз жұмды. Ол 80 жаста еді», — делінген хабарламада. Кобзон ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған. 2005 жылы ол онгологиялық аурумен ауырып жүргені анықталған. Бұдан кейін Кобзон бірнеше операцияны бастан өткерді.

Иосиф Кобзон 1937 жылы 11 қыркүйекте Украинаның Донецк облысындағы Часов Яр қаласында дүниеге келген, ол ән айтуды бала кезінен бастаған. 11 жасында Кремль алаңында Иосиф Сталиннің алдында «Летят перелетные птицы» әнін орындаған. Кобзонның гастрольдік еңбек жолы жарты ғасырға созылды. 2012 жылы 75 жасқа толғанында әнші өзінің концерттік қызметін аяқтайтынын мәлімдеді. Алайда әнші бұдан кейін де сахнаға шығуын тоқтатпады, гастрольдік сапарымен Ресейді аралап, әлеуметтік-саяси процесстерге белсене қатысып жүрді.
.