фото: arainews.kz

Таразда Жамбыл облысы әкімінің Кубогы үшін шағын футболдан республикалық турнирдің нәтижелері белгілі болды, – деп хабарлайды  77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі zhambulnews.kz АА сілтеме жасап.

1 орын алматылык   “Апорт” командасына бұйырды.  Жүлде -700 000 теңге .
2 орын  “Taraz Press” (Тараз қаласы) – 400 000теңге
3 орын  “Ернияз” (Шымкент қаласы) – 200 000теңге

Сонымен қатар, Түркістан облысының ойыншысы Еркеғали Балажан “Үздік қорғаушы ” номинациясымен марапатталса, алматылық “Тұран” командасында ойын көрсеткег Ильяс Сайлаубайұлы “Үздік қақпашы ” атағына ие болды. Ал астаналық “Хабар” командасынан Нұрсұлтан Құрман “Үздік ойыншы”, қызылордалық “Ақмешіт” құрамасынан Әділбек Жаханов “Үздік шабуылшы “атанды. Аталған номинациялар бойынша 25 000 теңге берілді.