Тараз.77NEWS — Тараздықтар ІІІ дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысушыларды шығарып салды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

ІІІ дүниежүзілік көшпенділер ойынында Жамбыл облысының намысын  15 спортшы қорғайтын болады. Дүбірлі додаға аттанғалы тұрған спортшыларымызға олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров  сәттілік тілеп, жеңіспен орналатындарына сенім білдірді.

2-8 қыркүйек аралығында Қырғыз елінің Чолпон-Ата қаласында ІІІ дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Байрақты бәсеке ұлттық ойынның 37 түрінен өтетін болады. Оған әлемнің 80 мемлекетінен 3000 спортшы қатысады деп күтілуде. Ал, еліміздің Ұлттық құрамасы атынан 200ден астам спортшы, спорттың 30 түрінен бақ сынайды.  

фото: Айдос Рымқұл