Тараз.77NEWS — Таразда дәмханада болған төбелес соңы адам өлімімен аяқталды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.  

Оқыс оқиға 2 қыркүйекте  таңғы сағат 4:30-да болған. Қайғылы жағдай Қазыбек би  көшесіндегі «Барбарис» дәмханасында орын алған. Жан тәсілім еткен жігіт 23 жаста. Ол, оқиғадан ауыр жарақат алып, №1 қалалық ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер айтуынша, өлімге миға қан кетіп, бас сүйек-мидің зақымдануы себеп болған. Қазіргі таңда оқиғаға қатысы бар деген 21-22 жастағы үш азамат қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабының, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.