Фото: Санат Аралбек

Тараз.77NEWS —  Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында облыстық үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық орталық» ашылды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Орталық қызметі азаматтар мен ҮЕҰ үшін қызметтердің әлеуетті пайдаланушыларға қолжетімділігін қамтамасыз етуді, ҮЕҰ сапалы қызметтеріне кедергісіз және жеңіл қолжетімділікті қамтитын пайдалылыққа бағытталатын болады.

Сонымен қатар, Орталықтың жұмысы аясында «ҮЕҰ мектебі», көшпелі семинарлар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер, ҮЕҰ арасында «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауы ұйымдастырылып, Орталықтың интернет-сайты жұмыс жасайтын болады.