Фото:Forbes.kz

Осыған дейін жаңа жылдық мерекелер қарсаңында дәстүр бойынша фильмдер көріп, шаңғы тебуге әдеттенген едік. Қазір бұл тенденция өзгеріп, қазақстандықтар мерекені атап өту үшін жиі шетелге шыға бастады. Тайландтың, Гоа мен Мальдивтің ыстық жағажайлары, Еуропаның жаңа жылдық сиқыры немесе Куршавель мен Рованидің тау сілемдері – біздің жерлестеріміз қайсысына барғанды жөн көреді? Сарапшылардың пікірін ұсынамыз.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТУРИСТЕР ҮШІН ҚАНДАЙ ЕЛДЕР ТАРТЫМДЫ ДЕП ЕСЕПТЕЛЕДІ?  ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ ДҮРБЕЛЕҢ БАСТАЛДЫ МА?

Оксана Нестерова, TRANSAVIA әуе тур агенттігінің туристік бөлімінің басшысы:«Қазір турды сатып алмастан бұрын оны асықпай алдын-ала жоспарлап алған дұрыс. Нарығымызда әрдайым сұранысқа ие болып қала беретін бағыттар: Тайланд, БАӘ, Мысыр, Үндістан (Гоа), Қытай (Хайнань аралы). Осы жылы Шри-Ланкаға чартерлік рейстер ашу жоспарланып отыр, бірақ бұл бағыт осыған дейін де танымал болған еді. Осы жылғы ең маңызды бағыт Мысыр болды. Мұны тікелей чартерлік рейстің болуымен,  бағасына сапасының сай болуымен, теңіз жағалауы және виза рәсімдеудің қарапайымдылығымен түсіндіруге болады».

Эльмира Сарқытбаева, GlobalAir әуе тур агенттігінің туризм бойынша менеджері: «Еуропалық бағытты көбінде VIP сегментіндегі туристер таңдайды. Себебі әуе тасымалы, виза рәсімдеу, демалыс орындары қымбат. Ал Оңтүстік Шығыс Азия елдері жаппай туризм үшін тартымды, көпшілік елдердегі виза рәсімдеу жеңіл әрі тікелей чартерлік рейстер де бар. Әзірге, мереке қарсаңы жақындамаса әзірге дүрбелең болып жатқан жоқ. Тек аз туристер тобы ғана бір-екі ай бұрын қамданып, бюджетін көп шығындамауға тырысады. Нағыз дүрбелең мерекенің қарсаңында басталады. Қалталы азаматтар бағасына емес ыңғайлы орындарды алуға, ал бюджетті туристер эконом турларды иемденуге тырысады. Бірақ барлық дерлік турлар сатылып кетеді.

Сала мамандарының сөзінше, бүгінде еуропалық бағыттар сұранысқа ие. Әсіресе, қалталы азаматар үшін Лапландия, Испания, Италия, ал Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен Тайланд жағалаулары танымал.

ӨТКЕН ЖЫЛМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ТУРИСТЕР АҒЫНЫ АРТТЫ МА? ОЛ ӘУЕ ТАСЫМАЛЫ ҚҰНЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫНА ӘСЕР ЕТТІ МЕ?

«ҚР азаматтарының шетелге шығу көрсеткішіне қарайтын болсақ, GlobaiAir компаниясы үшін ағын бұрынғы деңгейде деп айтуға болады. Қарашаның ортасына қарай нақты есеп айтуға болады», — дейді Эльмира Сарқытбаева.

«Бұл жылдың қорытындысы әлі шыққан жоқ. Бірақ нақты айтарым нарықта өткен жылмен салыстырғанда аздаған құлдырау байқалады», — дейді TRANSAVIA-дан.

Ал Otrar Travel әуетурагенттігі басқаша өзгерістің болғанын атап өтеді. Шетелге шығушылар саны өткен жылдағы жаңа жылдық мерекемен салыстырғанда көбейді дейді олар.

ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДА ЛАПЛАНДИЯНЫҢ МЕРЕКЕЛІК БАҒЫТ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРУҒА БОЛАДЫ. СҰРАНЫС БАР МА?

Спикерлерімізге сауалнама жүргізе отырып,  Лапландияның, әсіресе, балалы туристер арасында шын мәнінде қызығушылық туғызатынын анықтадық. Бірақ жаппай туризм орталығы деп айта алмаймыз. Міндетті түрде виза рәсімдеу керек, тікелей рейстер жоқ және Санта Клаус ауылындағы қонақүйлер саны да аз.

БҮГІНГІ КҮНДІ ҚОРЫТЫНДЫЛАР БОЛСАҚ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕДЕ ҚАЙДА БАРҒАН ЫҢҒАЙЛЫ?

«Жаңа жыл қарсаңында баға 2-3 есе қымбаттайды. Бүгінгі күн үшін ең қолжетімді бағыт ретінде Мысыр мен Гоа қолайлы деп айтуға болады», — деп атап өтті Оксана Нестерова.

Мамандардың айтуынша, мереке қарсаңында «ыңғайлы және қолжетімді» деген ұғым  баратын бағытыңызға емес, туристердің қай уақытта турды таңдап алатындығына байланысты. Уақытынан бір-екі ай бұрын тапсырыс берсеңіз, турдың құнын едәуір арзандатуға болады.