Тараз.77 NEWS — Жамбыл облысында жас ақын, жазушылардың кеңесін ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін ҚР Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетпен кездесу барысында айтылды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Басқосуда  алдағы уақытта атқарылатын игі шаралар тілге тиек етілді. Мәселен, облыста жас ақындардың жыр жинақтары жарық көрмек. Сонымен қатар, өмірден ерте озған ақындар еске алу кешін ұйымдастыру көзделіп отыр. Аудандарда аты аталмай ескерусіз қалған ақындардың жыр кештерін ұйымдастыру қолға алынатын болады. Сондай-ақ, жас ақын, жазушыларының кеңесі облысымызда ашылу жоспарланып отыр. Биыл жазушылар одағына 85 жыл. Осыған орай халықаралық дәреже де ісшара ұйымдастыру көзделіп отыр.