Тараз.NEWS- Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова Санкт-Петербург қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде танымал ресейлік қарсыласын жеңіп, WIBA атағын жеңіп алды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық Фируза Шарипова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценконың арасындағы жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқтады.  Бокс кеші 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте «А2» аренасында өтті. Нәтижесінде қазақстандық боксшы қыз қарсыласы Куценконы кәсіби бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты. 10 раундқа созылған жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. Осылайша, жерлесіміз өзінің титулдарын қорғап ғана қоймай, жеңіл салмақта WIBA чемпионы атағына ие болды.