Тараз. 77news — Жазушы Зейнеп Ахметова Бауыржан Момышұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Тау тұлғаның келіні жаңарған саябақтың жаңа келбетімен танысты. Саябақтағы туындыларды жеке-жеке аралап, ризашылығын білдірді. Тасқа қашалған әрбір аманат сөздердің мән-мағынасына тоқталып, келешегі кемел жастар үшін бабалар сөзі тәрбиенің түп қазығы екенін алға тартты.
Бұдан бөлек, 11 қыркүйек сағат 17:00-де «Баласағұн» ОКЗ-да «Аманат арқалаған жан» тақырыбында жалпы облыс жұртшылығымен кездесуі өтеді.
12 қыркүйек сағат 10:00-да Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен, сағат 15:00-де Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жастарымен кездеседі.
13 қыркүйек сағат 10:30-да батыр Бәукеңнің туған өлкесі Жуалы ауданының жұртшылығымен Б.Момышұлы ауылының мәдениет үйінде жүздеседі.
Айта кетейік, тағылымды іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отыр.