Фото: Меруерт Тоқмолдева

Тараз. 77news — Жазушы Зейнеп Ахметова Жамбыл облысының жұртшылығымен  кездесу өткізуде, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Еркін форматта өткізіліп жатқан кездесуде  жазушы халықтың түрлі сұрақтарына жауап беруде. Жазушы Бауыржан Момышұлы сынды тау тұлғаның келіні болу  —   үлкен құрмет екенін айтады. Сондай-ақ жиын барысында  қазақ келіндерінің қазақилықтан таймау керектігі де сөз болды.

«Зейнеп Ахметовадай келін болу үшін, Бауыржан Момышұлындай атаң болу керек», — дейді сұхбат барысында Зейнеп Ахметова.

Айта кетейік, іс-шараны облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отыр.