Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Жамбыл облысында үсік күтілуде, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі облыстық ТЖД қызметіне сілтеме жасап.

«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 12 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының кей жерлерде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. 12 қыркүйекте тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с ықтимал. Кей жерлерде тұман түседі.

Тараз қаласында 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.