Фото:AppleInsider

Тараз. 8 қараша. 77news — TechInsights компаниясының сарапшылары жаңа үлгідегі iPhone X смартфонының өзіндік құнын есептеп шығарды. Олардың айтуынша, гаджеттің меншікті құны 300 долларға жуық.

Мамандар анықтағандай iPhone X смартфонындағы ең қымбат бұйым — оңтүстіккореялық Samsung компаниясы өндірген, көлемі 5,8 дюйм болатын дисплей. Оның құны — 65,5 доллар. Смартфон корпусы шамамен 36 доллар тұрады. Жалпы басқа құрылғыларының бағасын қосқанда iPhone 8 гаджетінің өзіндік құны 248 доллар болған.

Айта кетейік, iPhone X смартфондары осы жылдың 3 қарашасынан бастап әлемнің 55 елінде сатылымға шықты. Жаңа үлгінің бағасы барлық елде 999 доллардан басталады. Ресейде ең танымал телефон бағасы 80 мың рубльден, ал Қазақстанда Аpples интернет-дүкенінің сайтында 570 900 теңгеден басталады.