Фото: Меруерт Тоқмолдаева

Тараз. 77news  — Шілде айында Қордай ауылында бірнеше қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлер қолға түсті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінде өткен брифингте департамент бастығы Арман Оразалиев мәлімдеме жасады. Департамент бастығының айтуы бойынша, қылмыскерлер бұған дейін де істі болған. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар өз қылмыстарын мойнына алып, тергеу амалдарына көмек көрсетуде.

Естеріңізде болса, Қордай ауданының орталығында орын алған қарақшылық шабуылдарды ашу мақсатында құрамына облыстық ішкі істер департаментінің үздік мамандары кіретін арнайы топ құрылған болатын.