Тараз. 77news — Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық байқауының жеңімпазы атанып, 3 мыңға жуық үміткерлердің арасынан топ жарған Ниязқұловтар әулетін қабылдап, биыл елімізде бесінші рет өткізіліп отырған байқаудағы жеңісімен құттықтады. 

Айта кетейік, әулет отағасы Үмен Ниязқұлов (83 жаста) 40 жылдан астам уақыт ауыл мектебінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. Зайыбы Баян Ниязқұлова (80 жаста) 26 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Олардың педагоги­калық қызметін балалары мен немерелері жалғастырып, 3 буынның жалпы педаго­гикалық өтілі – 198 жылға жуықтапты. Ерлі-зайыптылар 62 жыл бірге ғұмыр кешіп, 12 бала, 32 немере, 20 шөбере тәрбиелеп отыр.