Тараз. 77news — «Jambyl» телеарнасының жаңа маусымында көрсетілетін тың жобалардың таныстырылымы өтті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Əулиата өңірінде 30 жылға жуық уақыт хабар таратып келе жатқан «JAMBYL» телеарнасы бүгін тағы бір маусымның шымылдырығын түрді. Алғашқы құттықтау сөзі «ҚАЗАҚСТАН» РТРК АҚ өндірістік орталығының директоры Меруерт Құмарова ханымға берілді.

Жаңа маусымда жаңғырған  арнаның ұсынар тың жобалары көп. Хабарлар мен қоғам өміріндегі оқиғалар дəл осы маусымда  қамтылып отыр.

Жаңа маусымда «Кеш жарық», «Men QAZAQPYN», «ḠASYR KERẎENI», «Достық дастарханы» (Философия вкуса), «ALAMAN», «ӨНЕРTIME»,»DAMẎ.KZ»,  «TARAZY» бағдарламалар көрермен назарына ұсынылмақ.

Сондай-ақ, жаңа роликтік жобалар жаңа маусымда. Елбасының Жолдауларында айтылған тапсырмалар мен маңызды бағыттары, өңіріміздің спорттағы табыстары, бабалардың ғасырлар қойнауынан жеткен аталы нақыл  сөздері шағын роликтерде телеарнадан көрсетілетін болады.