Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news — Түнгі қаламызда  маңдайшасындағы жазуларға мән бермейтін мейрамханалардың саны көп қазір. Одан бөлек шаһардағы баннерлердің бейберекетсіз күйге түскені тағы бар. Яғни, олардың  бірі жыртылған күйде болса, ендігсі ескірген хәлде көшелердің көркін кетіріп тұр. Міне, осы мәселелерді арқалап бір топ зерделеушілер  қала бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуді бастады. Ал бұл жолғы рейдте қала әкімінің  өзі көш бастап шықты. 

Фото: Әділбек Самаликов

Зерделеу жұмыстары бірінші қаладағы жөнделіп жатқан жолдардан өтті. Өйткені бітуі керек жұмыстардың әлі күнге дейін аяқталмау себебін қала әкімінің өзі сұрап білгісі келді.  Ал жауаптылар жолға қажетті жабдықтардың кешігіп келуінен, жұмыс тұралағанын айтуда. Алайда, 1-қазанға дейін түгелдей  жаңа жолды жұртышылық игілігіне береміз деп уәде берді.

Фото: Әділбек Самаликов

Мұнан соң, Ғалымжан Әбдірайымов көшенің сәні үшін жауаптыларға сын айтты. Өйткені кейбір мейрамханалардың маңдайшасындағы жазулар жарықсыз жабырқап тұр. Жарнама баннерлердің де көркі қашқан. Тіпті, ондағы жазулардың мемлекеттік тілде жазылмағаны жауаптыларға сын болып тиді.

Фото: Әділбек Самаликов
Фото: Әділбек Самаликов

Бұл кеште кәмелетке толмағандардың та тәртібі әкім назарында болды. Олардың біршамасына  сағат 9-дан кейін көңіл көтерерлік орындарда жүргені үшін хаттама толтырылды. Сонымен қатар түнгі рейдте  заңсыз саудагерлерде зерделенген болатын. Сол арқылы  біршама дүңгіршектердің құжаттары жоқ екені анықталды. Нәтижесінде 3 дүңгіршек жұмысын тоқтатып, 6 сатушы айыппұл арқалады. «Жаңарып келе жатқан қаламыз, міндетті түрде жаңа болу керек» деген Ғалымжан Әбдірайымов жауапты мамандарға бұл істер жалғасын табу керек екенін айтты.