Тараз.77NEWS — Актер,  режиссер Тұңғышбай Әл-Таразидің тұңғыш рет өңірде «Дат!» театрының шымылдығын түрді. Алғашқы қойылым «Қуыршақтар» моноспектаклі деген атаумен басталды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Актер шығарма оқиғасында  жалғыз өзі ғана рөл сомдайды. Өміріндегі жандардан қуыршақ жасап алған кейіпкер, тағдырдан баз кешеді. Қуанышы мен қайғысы қатар жүрген жалғыз басты жанның сырын шертті. Режиссердің айтуынша бұл туындыны дайындауға 1 ай уақыт кетіпті.

Бірнеше жыл бұрын жазылған драма бүгін жарқыраған актермен өмірге тағы да келді. Заман өзгермесе де, адамның бойындағы жағымсыз қасиеттері ешқашан жоғалмайтыны жайында  кейіпкер баса айтты.  Күнделікті өмірдегі қасірет, жеке тұлғаның басынан кешкен қиындықтары шығарма оқиғасын шиеленістірді. Дегенменде, психологиялық моноспектаклді Тұңғышбай Жаманқұлов өз деңгейіне алып шыққанына сенімді.

Шығарма барысы халықтың көңілінен шыққаны сөзсіз. Тұңғышбай Жаманқұловтың туған жерден басталған гастрөлдік сапары енді өзге өңірлерде жалғаспақ. 70 жас  мерей тойына арналған « Дат!» театрының ғұмыры ұзақ болуына көрермендер де тілектес.