Тараз. 77news — Облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті оқу орындарында туризм мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге арнап семинар-кеңес өткізілуде, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Кездесуді облыстық туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова өзі бастады. Сондай-ақ, белгілі тарихшылар Қуаныш Даурембеков, Сауран Қалиев сынды білікті мамандар  жастарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, тарихшылар көне Тараздың тарихы, туристер үшін тартымды нысандар жайында жан-жақты  мәлімет берді.