Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news -Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқарма басшысының бұйрығымен Мурбеков Бауыржан Жолдасбекұлы облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры болып тағайындалды.

Бауыржан Жолдасбекұлы 1986 жылы Байзақ ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Студенттік кезінен белсенділігімен көзге түсіп, Тараз қалалық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы қызметін атқарған. Облысымыздың қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысып, «Жайдарлы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Панорама» ақпараттық орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасы лауазымында болған. Үйленген. 3 баласы бар.