Тараз.77NEWS- Жамбыл облысында «Азаматтық қоғам және мемлекет: әріптестік пен жауапкершілік» атты үкіметтік емес ұйымдардың форумы өтіп жатыр. Шараның өтуіне облыстық ішкі саясат басқармасы мұрындық болып отыр.

Форумға ҚР Қоғамдық даму министрлігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы өкілдері, сарапшылар, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңестер, саяси партиялар, кәсіподақ ұйымдары және БАҚ өкілдері қатысуда.

«Азаматтық қоғам және мемлекет: әріптестік пен жауапкершілік» форумның бағдарламасында үкіметтік емес сектор дамуының өзекті мәселелері бойынша сұхбат алаңдары, жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен кездесулер, пленарлық отырыстар ұйымдастырылмақ.

Онда:

  • азаматтық қоғам институттарының, халықаралық ұйымдардың, сарапшы қоғамдастықтың, оның ішінде, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен азаматтық сектордың дамуының өзекті үдерістерін талқылау.
  • азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында мемлекет және азаматтық сектордың өзара іс-қимыл бағыттарын және түрлерін анықтау.
  • азаматтық секторды дамыту саласында үздік тәжірибелермен, құзіреттілікпен және өзара білім алмасу арқылы азаматтық қоғам институттарының тұрақтылығын арттыру мәселелері қаралады.

Жергілікті жерлерде азаматтарды шешімдерді қабылдауға тарту мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылап, енгізу үшін Форумға ауылдық округтердің әкімдері де қатысады.

Бүгінгі таңда облыста 700-ден астам коммерциялық емес ұйымдар тіркелген, олардың 200-ден астамы белсенді қызмет етуде.