Тараз.77NEWS — Тбилисида қаласында өткен Әлем чемпионатында Жамбылдық самбошылар жүлдері орындарға ие болды,-деп хабарлайды 77news.kz  ақпарат агентігінің тілшісі.

2018 жылдың 11-14 қазан аралығында Тблиси (Грузия) қаласында самбодан жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтті.

ҚР  құрама командасының сапында Жамбылдық 6 спортшы ел намысын қорғады. Байрақты бәсекеде бақ сынаған Оңалбай Жұмаділдә (70кг) мен  Ізбасар Ералиев  (87кг) ІІ орынды иеленсе, 60 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Асылжан Орынбасарова  ІІІ орынға табан тіреді.