Тараз.77NEWS- Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 700ден астам үкіметтік емес ұйым тіркелген, қазіргі таңда оның 200ден астамы белсенді қызмет етуде бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіннің алаңынден брифинг барысында айтылды- деп хабарлайды 77 news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Брифингте өңірде өткен үкіметтік емес ұйымдардың VIII облыстық форумның қорытындысы айтылды. 200 шақты адам қатысқан шара жайлы өзіндік ойларын айтуға, жиылған журналисттер сауалдарына  жауап қатуға келген бүгінгі спикерлер баспасөз конференциясында  форумның ерекшеліктерін тілге тиек етті.

«Мұндай  жұмыстар үкіметтік емес ұйымдарға үлкен тәжірибе», — деп пікір айтқан Гүлбара Сұлтанова бүгінгі күндегі жүйесіз жұмыс жасап жүрген ұйымдарға да тоқталып кетті.  Айта кетсек бүгінде 5000 ға жуық ұйым ғана жұмыстарын жүргізуде. Ал, 10000-нан астамы тіркеліп қойғанымен, ілкімді істерге ат салыспайтын көрінеді.  Енді алдағы Республикалық форумда осы мәселелер талқыланатынын айтты. Дегенмен  арнайы саралау жұмыстары жүргізілу  жоспарлануда.   Сондай-ақ бүгінгі форумдағы спикерлер үкіметтік емес ұйымдар үшін  3 жылдық жұмыс жоспары түзілгенін де айтып өтті.