Тараз.77NEWS — ҚР білім және ғылым вице министрі Эльмира Суханбердиева Жамбыл облысына ат басын тіреді. Вице-министр мектеп башыларынның басын қосып арнайы жиын өткізді. Онда оқытудың тиімділігі мен жүзеге асырылу мәселесі  талқыланды,-деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі. 

Кездесу барысында, ең алдымен жиылғандар Керчь қаласында болған қанды оқиғаны еске алды. Келесі кезекте талқылауда Елбасының жолдауы болды. Ал, ең маңызды мәселеге вице-министр жеке тоқтала кетті. Ол білім ошақтарындағы оқушылардың жеке қауіпсіздігі. Қазіргі таңда еліміздің мектептері бейнебақылаумен 80 пайызға қамтылған. Ал, біздің облыс бойынша бұл көрсеткіш 95 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар, мектеп психолгтарын көбейту жайы да талқыланды.

Сондай-ақ, жиын барысында мұғалімдерге артылатын жүктемелердің санын азайта отырып, бейберекетсіз тексеріс түрлерін де доғаруды баса айтты. Өйткені бұл жұмыстың жүйелі жүруіне кері әсерін тигізетінін де тілге тиек етті. Алдағы жылдан бастап оқытушылардың жалақысы көретілетінін ескере кеткен басшы, мектеп директорларымен олардың орынбасарларының да өтемақысы жоғарылайтынын  жеткізді.

Жиыннан соң Эльмира Суханбердиева қаламыздағы № 35-ші «Ер Төстік» балабақшасына табан тіреді. Өз есігін алғаш 2012 жылы ашқан орда 250-бүлдіршінге арналып соғылған. Онда музыкалық және гимнастикалық зал, инновациялық орталық, психолг кабинеті және логопед те бар. Осы арада басшы, мектепке дейінгі  білім  беру мекемелерінде сапаны арттыруды тапсырды.