Фото:Kapital.kz

Тараз. 13 қараша. 77news — Павлодардағы МӨЗ-ден (мұнай өңдеу зауыты) К4 класфындағы АИ-92 жанармайының алғашқы партиясы алынды. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг» компаниясының баспасөз қызметінен хабарлайды. 

«Экологиялық К4 класындағы АИ-92 жанармайының 163 тонна көлеміндегі бірінші партиясы алынып, Павлодардан Алматыға жіберілді. Отынның сапасы арнайы құзырлы органдар тексерді», — делінген хабарламада.

Зауытты қайта жөндеуден өткізу жобасының аясында жаңа құрылғылар орнату арқылы жоғарыоктанды жанармай өндірісі жылына 1,4 есе көбейіп, 1 492 тоннаны құрайды. Сондай-ақ халықаралық стандарттағы Jet A1 әуежанармайының өндірісі басталады.

Еске салайық, бұдан бөлек Шымкент пен Ақтөбеде мұнай өңдеу зауыттары бар. Энергетика министрлігінің хабарлауынша, олардың осы жылдың 9 айындағы ортақ өндіріс көлемі 7 млн тоннаны құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға артық.