Тараз.77NEWS- «Желтоқсан желі» әнінің сөзін жазған ақын Әбдірахман Асылбеков өмірден өтті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz ақпарат агентігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Instagram желісінде музыкант Ринат Гайсин естіртті. «Бүгін ақын Абдрахман Асылбеков ағамыз дүниеден өтті. Алла алдынан жарылқасын», — деп жазды музыкант.
Әбдірахман Асылбеков — 1938 жылдың 1 мамырында Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген.  1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысқан. Көптеген байқаудың жеңімпазы, жүлдегер. Ақын әуені Желтоқсан көтерілісінің екінші күні жазылған «Желтоқсан желі» әнінің өлеңін жазған. Ән авторы — Әбиірбек Тінәлі.