Тараз.77 NEWS- Жамбыл облысында 15 білім беру ұйымының лицензиясы 6 айға тоқтатылды. Бұл туралы Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыстың білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Дәмеш Үскімбаеваның қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамаларының, білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Негізгі функцияларына профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер жүргізу, білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру жатады.

Қазіргі таңда жүргізілген мемлекеттік бақылау шараларының саны – 63. Тексерістердің нәтижелері бойынша, 42 білім беру ұйымында ішінара тексерулер жүргізіліп, анықталған құқықбұзушылықтар бойынша нұсқаулар берілді. 47 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, 1230 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұлдар салынды15 білім беру ұйымының лицензиясының қолданысы 6 айға дейінгі мерзімге тоқтатылды.