Фото:Ғundacionfedi

Тараз. 13 қараша. 77news — Жамбыл облыстық сотында «Корпоративтік дауларды шешудің сот тәжірибесі» тақырыбында семинар өтті. Басқосу барысында облыстық сот пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жиында корпоративтік дауларды шешудегі сот тәжірибесі туралы мәлімет беріліп, бірнеше мысал келтірілді. Еліміздегі арбитражды дамыту мен дауларды шешудің баламалы жолдары талқыланды. Оның ішінде медиация рәсімдерін қалай қолдануғаболатындығыда сөз етілді. Іс-шара соңында облыстық сот пен кәсіпкерлер палатасы келісім шарт жасасты. Жалпы меморандумның негізгі мақсаты – заң үстемдігі қағидаттарына негізделген, әділдік пен ашықтықты сақтау. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау арқылы жүйелі ынтымақтастық құру.