Тараз.77NEWS-Жамбыл облысының туризм саласында тағыда бір жағымды жаңалық.Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы, «Цифрлік Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, негізгі туристтік обьектілерге QR-кодтарды орнату жұмысын бастады,-бұл туралы 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі хабарлайды.

Бұл жұмыс «TARAZ TOUR » мобильді қосымшасын іске қосу мақсатында жасалып жатыр. Енді шетел және өзге өңірден келген туристтер мобильді қосымшаны ақпараттық көмек құралы ретінде 5 тілде қолдана алатын болады.

Бұл бірегей қосымша Жамбыл облысының туристік нысандарын кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.
«TARAZ TOUR » Мобильді қосымшасы туралы, оны қалай ұялы телефонға жүктей аласыздар, пайдалану функциялары туралы ақпаратты, QR-кодтарды туристтік нысандарға орнатып болғаннан айтылатын болады.