Тараз.77NEWS- Талас ауданына  қарасты Есейхан ауылын «Ақбұлым» бағдарламасы аясында жақын аралықта ауыз сумен қамтамасыз ету толық орындалады,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі.

Ауылдағы әлеуметтік мәселені шешуді «Монолит-дизайн-2030» ЖШС қолға алыпты. Таза сумен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 200 миллион, облыстық бюджеттен 22 миллион 222 мың теңге қаражат қарастырылған.  Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 26 сәуірінен бастау алып, қазірге дейін қарқын алған.  12 техника, 41 адам күш жұмылдырып, тер төгуде. Тіпті, мердігер компания ауылдың 12 тұрғының жұмыспен қамтып отыр.

 Қазір Есейхан ауылында  түтін саны 251-ден аса. Яғни, бұл күні елді мекенде 1600-ден аса адам тұрады.Қаратауды бойлаған Есейхан ауылының  негізгі тіршілік көзі – егін мен мал шаруашылығы.Ал ауыз су тартады дегенді естіген жұрт  қуанышымыз қойнымызға сыймады дейді. Осы уақытқа дейін құдық қазып, су ішіп келген ауыл халқы сәл шыдасақ тазасуға қол жеткіземіз  деген ниетте.

Алтын бесік ауылдағы тірлік мұнымен тұралап қалмақ емес. Ауыз су ауылға келісімен тіршілік тіктеліп, халық жағдайы арта беретіні хақ. Бастысы мемлекет қолдауының нәтижесінде ауыл жағдайы тұрақты болары анық.