Тараз.77NEWS- Ұлы Жібек жолы бойындағы ежелгі шаһар — көне Тараз қаласының туған күніне орай, Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың есімімен аталған саябақ толық жаңғыртудан кейін ел игілігіне пайдалануға берілді.

Бүгінде саябақтың жалпы аумағы – алты жарым гектарды құрайды. Саябақ аумағында батырдың аты жазылған кіреберіс тақтасы және нақыл сөздер, Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіші, «Желтоқсан-86» орталығы, «Тәуелсіздік ұшқыны» аллеясы, қайта жаңғыртудан өткен «Ардагерлер» үйі және «Ғибрат» орталығы, «Шахмат» алаңы, балалар және спорттық алаңшалары орналасқан.