Тараз.77NEWS —  Нұр Отан партиясы Жамбыл облыстық филиалының бірінші орынбасары болып Манжуов Ерқанат Нұрбапаұлы  тағайындалды.

Е.Манжуов 1968 жылы туылған, білімі жоғары, Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Алматы облысы Жарсу кеңшарының жетекші-экономисі болып бастаған. 1991-1994 жылдары Алматы облысы Жарсу кеңшарының бас-экономисі, 1994-1995 жылдары «Ақсу» ЖШС директорының орынбасары, 1995-1996 жылдары «Алма-Тал» фирмасы директорының орынбасары, 1996-1997 жылдары Алматы қаласы әкімі орынбасарының көмекшісі, 1997-2000 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі, 2000-2003 жылдары «Метрология» РМК Оңтүстік-Қазақстан филиалының директоры, 2003-2007 жылдары «KEGOC» АҚ басқарма бастығының орынбасары, 2007-2008 жылдары «KEGOC» АҚ-ның Ақтөбе филиалының директоры, 2008-2009 жылдары «Алматы электр станциясы» АҚ-ның коммерциялық директоры, 2010-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, 2011-2013 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.2013 жылдан бері Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.