Тараз.77NEWS- Әулиеата өңірінде Тараз- Екатеринбург, Тараз-Шарм-Эш-Шейх қос бірдей әуе рейсі ашылды.

Тікелей рейсті 235 адам сыятын Boeing әуелайнеры  іске асыратын болады. Біздің шаһардан Екатеринбурге жету 3 сағат болса, Шарм-Эш-Шейхке 5 сағатқа жуық уақыт кетеді.

Қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Египетке Алматы, Астана, Шымкент, Қостанай, Тараз, Қарағанды қалаларынан  қатынайды. Туристік компания өкілдерінің айтуынша Екатеринбург – Тараз тұрақты рейсі ашылуының арқасында Екатеринбург  тұрғындарына  Египетке демалуды ұсыну жоспарланып отыр. Ал келер жылы  қазақстандықтар үшін  Малазия, Шри-ланка және Иордания бағыттарында рейтсер ашылмақ.