Тараз.77NEWS — Облысқа белгілі  фототілші Ақәділ Рысмахан бүгін 50 жасқа толып отыр. Қазіргі Түркістан облысының тумасы,  жүріп өткен жолын суретпен дәріптеп өтіп, бүгін ағалықтан даналыққа жетті.

1968 жылы туылып Шәуілдірдің шаң-топырағына аунап өскен тұлға,бүгінде 4 баланың әкесі, халық жолындағы адал маман.  Балалық шағындағы  түрлі пейзаждарға әуестігі  Ақәділ Рысмаханды  тәжірибелі, таптырмас суретшіге айналдырды.   «Ал ол әуестік нағашымнан дарыған» дейді.  Өз қызметі жолында «Астана Ахшамы», «Ұлан» газеттерінде фототілші болған.  Бүгінде облыстық «Ақ жол» газетінде 2010 жылдан бері  шығармашылығын жалғастыруда.

Мектепті бітіріп, Түркістаннан білім нәрімен сусындаған суретші  өзінің 30 жылдан  астам тәжірибесі жолында біршама жетістікке жетуі мына  алғашқы бастама суреттерінің арқасында, әрине. Суретші дами келе тіпті,  Елбасының инагурациясында да қырағы құрылғысымен қатысқан. Иә, айта берсек бағындырған шыңдар баршылық. Тұрпаты бөлек тұлғаның  бүгінгі жеңістерін  тізсек бала кезгі арманның орындалғанын байқайсың.

«Жеткенімнен, алда әлі жетер жетістігім көп деген фототілші, әлі талай сұлулықты суретке  алуым керек дейді. Ақәділ Рысмахан  алдағы уақытта өз туындыларынан көрме ұйымдастыруды да жоспарлап жүр екен.