Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ертең сағат 9.30-да «Латын әліпбиі – ел ертеңі» атты бір топ ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтеді,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жиынға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Түркияның Карабюк университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Энвер Қапаған, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, профессор, ф.ғ.д. Жантас Жақыпов қатысады. Сондай-ақ алқалы бас қосуға Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының орфография бөлімінің басшысы Құралай Күдеринова мен Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Руханият» КММ басшысы Ержан Еңсебай Ұлттық әліпби үлгісін жасаудағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен баяндайды.

Жиынға қатысам деушілерге есік ашық!
Өтетін орны: Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің бас ғимараты
Өтетін уақыты: 31 қазан, сағат 9.30-да