Тараз.77NEWS — Әулиеата өңірінде ғалымдар бас қосты.Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен «Латын әліпбиі — ел ертеңі» тақырыбындағы дөңгелек үстел  өтіп жатыр,-деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мұндағы мақсат- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығы негізінде, Жамбыл облысында латын әліпбиіне көшу жұмыстарының жүзеге асырылу барысын дамыту, насихаттық бағытын күшейту.

Басқосуға А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы- Қажыбек Ерден Задаұлы; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, филил.ғ.д., профессор Жақыпов Жантас Алтайұлы; Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография бөлімінің басшысы Күдеринова Құралай Бимолдиновна; Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Еңсебай Ержан Серікболұлы және де  Түркия мемлекеті Карабюк университетінің филология ғылымдарының докторы, профессор Энверт Қапаған қатысуда.