фото:Азат Байтемір

Тараз.77NEWS- Жамбыл облысы әкімдігі Туризм басқармасының «Тараз-туризм» туристік ақпараттық орталығы мен «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі  бірлесе отырып, TARAZ TOUR жобасын жүзеге асыру аясында қолға алынған «Мобильді қосымша» жобасының таныстырылымы өтті,- деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

фото: Азат Байтемір

Жамбыл облысында орналасқан 20 тарихи-мәдени нысандарға QR кодтар орнатқан болатын. «Қарахан»  кешенінде QR стендтерді құрастырушы Алматылық ALTERNATIVE VISION SOFTWARE компаниясының өкілдері QR стендтің қалай жұмыс істейтінін таныстырып өтті.

фото: Азат Байтемір

Ұялы телефонның көмегімен Play Market немесе App Store қосымшасына кіріп, TARAZ TOUR қосымшасын жүктеп алсаңыз болды. Тарихи-мәдени нысандарда орнатылған QR стендке жүктеменің көмегімен тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы қазақша, орысша, түрікше, қытайша және ағылшынша толыққанды мәлімет алуға мүмкіндік бар.

фото: Азат Байтемір